
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Самарқанд облысы Ақдария ауданындағы орналасқан Мақдум Ағзам кешенінде жүргізіліп жатқан ауқымды реконструкция жұмыстарымен танысты. Осы зиярат орнын абаттандыру жобасы мемлекет басшысына ағымдағы жылдың наурыз айында ұсынылған болатын.
Кешен аумағы шамамен 5 гектарды құрайды, мұнда кесене реконструкциясы жүзеге асырылуда. Үш қабатты автотұрақ пен бір мезгілде мың адамды сыйдыра алатын үлкен мешіт салынуда.
Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, кешен бір уақытта 35 мың зияратшыны қабылдау мүмкіндігіне ие болады, бұл бұрынғы сыйымдылығынан 7 есеге көп. Сонымен қатар, кешен аумағында 40-тан астам сауда және қызмет көрсету нысандары іске қосылады, сондай-ақ, саябақ аумағында көпжылдық ағаштар отырғызылады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.