date

Өзбекстанда жылыжай саласын дамыту үшін жоба офисі іске қосылады

Өзбекстанда жылыжай саласын дамыту үшін жоба офисі іске қосылады

Өзбекстанда жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында жоба офисі құрылады. Бұл туралы 7 қаңтардағы үкімет қаулысында айтылған. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады. хабар береді.

Құжатқа сәйкес, алты адамнан тұратын бұл офис жылыжайларды дамыту және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаны үйлестіреді. Сондай-ақ ұйым шетелдік тәжірибеге сүйенген бастамаларды енгізумен де айналысады.

Еске салайық, биыл Өзбекстанда жылыжайларда өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 3,5 млрд долларға дейін, ал 2027 жылы 4 млрд долларға дейін арттыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, Ташкентте ауа сапасын жақсарту үшін барлық жылыжайларды газға көшіру үдерісі жеделдетіледі. Энергетика министрлігіне отын жеткізу бойынша келісімшарттар жасау және елордадағы жылыжай шаруашылықтарын отынмен үздіксіз қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстанда жылыжай саласын дамыту үшін жоба офисі іске қосылады