
Forbes хабарлауынша, блогер Джейк Пол мен WBA чемпионы Джервонта Дэвис арасындағы, 14-қарашада Майамиде өтуі жоспарланған жекпе-жек тоқтатылды. Бұл шешім Дэвистің бұрынғы қызы оны ұрып-соғу, ауыр дене жарақаттарын келтіру, заңсыз түрде бостандығынан айыру және адам ұрлау сияқты айыптармен сотқа жүгінгеннен кейін қабылданды.
Аталған жекпе-жек Netflix платформасында басты оқиға ретінде жарияланған еді. Онда спортшылар арасындағы салмақ айырмашылығы ерекше қызығушылық тудырған: Дэвис 65 келіге дейінгі салмақта, Пол болса 90 келіге дейінгі салмақта жекпе-жек өткізеді.
Еске сала кетейік, Джейк Пол 2021 жылы Most Valuable Promotions (MVP) атты өзінің промоутерлік компаниясын құрған. 2023 жылы ол кәсіби боксшы Томми Фьюриге қарсы жекпе-жек өткізген, бірақ жеңілген болатын.
Пол, сондай-ақ, Майк Тайсоннан жеңіске жетуімен де танымал. Kursiv Uzbekistan бұған дейін Джейк Полдың Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырғаны туралы хабарлаған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар