date

"Ливерпуль" Исактың жарақаты туралы мәлімдеме жасады


«Ливерпуль» шабуылшысы Александр Исак АПЛ-дің «Тоттенхэмге» қарсы ойынында алған ауыр жарақатынан кейін ота жасатты. Бұл туралы ағылшын клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық тексеріс барысында оның тобық буыны жарақаттанып, кіші жіліншік сүйегі сынғаны анықталған. Осы себепті швед шабуылшысына операция қажет болды.

Футболшының алаңға қайтып оралу мерзімі әзірге белгісіз, алайда бұған дейін қалпына келу бірнеше айға созылуы мүмкін екені айтылған еді. Исак осы маусымның басында «Ньюкаслдан» «Ливерпульге» 145 миллион еуроға ауысқан болатын.

Шабуылшы жаңа командасы сапында 16 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Ливерпуль" Исактың жарақаты туралы мәлімдеме жасады