
Өзбекстан ампутанттар футболшылары 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Малайзия қақпасына жауапсыз 11 гол соқты. Бұл туралы Championat.Asia хабарлайды.
Өзбекстан құрамасы "B" тобы аясында Жапония, Малайзия, Бангладеш және Йемен құрамаларымен бақ сынасуда. Ал "A" тобында Индонезия, Иран, Ирак және Сирия командалары өнер көрсетуде.
13 қараша, бейсенбі күні өзбек футболшылары Жапония құрамасына қарсы алаңға шығады. Кездесу Ташкент уақытымен сағат 9:13-те басталады.
Іріктеу кезеңі Индонезияның Джакарта қаласында 9-15 қараша аралығында өтеді. Турнир нәтижесінде тек төрт команда ғана Әлем чемпионатына жолдама алады.
2022 жылы өткен Әлем чемпионатында Өзбекстан ампутанттар құрамасы үшінші орын алған болатын. Сол кезде чемпиондықты Түркия иеленіп, Ангола екінші орынға тұрақтаған еді.
Ал 2012 жылы Өзбекстан ампутанттар құрамасы Ресейді жеңіп, алтын медальді қанжығасына байлаған, үшінші орын Түркияға бұйырған болатын. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар