Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аяқталуға жақын: алда бар болғаны бір тур қалды. Жеті апталық матчтардан кейін WhoScored статистикалық порталы жасаған рейтингте «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе орташа баға бойынша көшбасшылықты сақтап тұр. Француз футболшысы 11 голмен сұрмергендер жарысында да алда келеді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабар лайды.
Рейтингте екінші орын «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейнге тиесілі. Үздік үштікті оның командаласы Майкл Олисе түйіндеп тұр. Келесі орындарда «Атлетико»дан Хулиан Альварес пен «Ливерпуль» өкілі Доминик Собослаи тиісінше төртінші және бесінші сатыларды иеленген.
Алтыншыдан оныншы орынға дейінгі тізімде Виктор Осимхен («Галатасарай»), Ламин Ямаль («Барселона»), Йенс Хауге («Будё-Глимт»), Хвича Кварацхелия («ПСЖ») және «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа аталған.
Шешуші, соңғы тур матчтары 28 қаңтар күні өтеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!