date

«Фенербахче» клубының бұрынғы ойыншысы Моуринью уәдесінде тұрмады деді

«Фенербахче» клубының бұрынғы ойыншысы Моуринью уәдесінде тұрмады деді

«Фенербахче» клубының бұрынғы футболшысы Линкольн португалиялық бапкер Жозе Моуриньюді қатаң сынға алды. Маманы Ыстамбұл клубын 2024–2025 жылдары басқарған. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Линкольннің айтуынша, Моуринью оған берген уәдесін орындамаған, бұл жағдай футболшының қатты наразылығын тудырған. «Ол өте көп жүлде ұтты, мұны ешкім жоққа шығармайды. Бірақ маған қатысты құрметсіздік танытты. Мен үшін өмірде мінез атақтардан да маңызды», — деді ол.

Футболшы «Халл Сити» клубына жалға кетер алдында Моуриньюмен сөйлескенін, ал бапкер оны Португалиядағы жазғы жиынға күтетінін айтқанын атап өтті. Маусым аяқталған соң ол жиынға шақыру күтті, аудармашы арқылы Моуриньюмен байланысқысы келді, алайда бапкер сөйлесуден бас тартып, спорт директорына жүгінуді айтқан.

Линкольннің сөзінше, команда Португалияда жиын өткізіп жатқан кезде өзі де Португалияда болғанына қарамастан, Моуринью оны бәрібір Ыстамбұлға жіберіп, жеке тәртіппен жаттығуды бұйырған. «Маған қатысты әділетсіз әрі құрметсіз қарым-қатынас болды. Көп ойындарда, тіпті өзіме ыңғайсыз позицияда да клубқа көмектесу үшін барымды салдым. Ауыр жарақаттан кейін қолдау күттім, бірақ ала алмадым», — деді ол Fanatik басылымына.

Қазір Жозе Моуринью «Бенфика» клубын басқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Фенербахче» клубының бұрынғы ойыншысы Моуринью уәдесінде тұрмады деді