date

«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді

«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді

Шабуылшы Криштиану Роналду клубпен қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың жазында «Әл-Насрдан» кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы португалиялық жұлдызды елде ұстап қалудың балама жолын қарастыруда: Роналду клуб иелерінің бірі ретінде «Әл-Насрдағы» қазіргі үлесін 15 пайызға дейін арттыруы мүмкін. Лига басшылығы Роналду кеткен жағдайда халықаралық қызығушылықтың күрт төмендеуінің алдын алу үшін түрлі сценарийлерді де зерттеп жатыр.

Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Насрға» келген еді. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубында 20 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді