date

Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аяқталуға жақын: командаларды бар болғаны бір тур күтіп тұр. Жеті ойын аптасынан кейін WhoScored статистикалық порталындағы турнирдің үздік футболшылары рейтингінде Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр. Ол сондай-ақ сұрмергендер жарысында 11 голмен айқын көшбасшы. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Орташа баға бойынша екінші орын «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейнге тиесілі. Үздік үштікті оның командаласы Майкл Олисе түйіндеп тұр. Рейтингте «Атлетико» өкілі Хулиан Альварес төртінші, ал «Ливерпуль» футболшысы Доминик Собослаи бесінші сатыға жайғасқан.

6–10-орындарда Виктор Осимхен («Галатасарай»), Ламин Ямаль («Барселона»), Йенс Хауге («Будё-Глимт»), Хвича Кварацхелия («ПСЖ») және «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа аталды.

Соңғы тур матчтары 28 қаңтар күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында