Toyota компаниясы құны 3100 АҚШ доллары болатын премиум компьютерлік креслоны таныстырды

"Toyota" компаниясы өзінің әйгілі "Crown" автомобильдерінің орындықтары дизайнын толық қайталайтын жаңа компьютер креслосын таныстырды. Аталған өнімнің бағасы Жапония нарығында 495 000 иен немесе шамамен 3 100 долларды құрайды.
Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.
Көптеген автомобиль интерьерлерін өндіретін "Toyota Boshoku" бөлімшесі жаңа кресло үшін футуристік дизайн жасаған жоқ. Мамандар "Crown" моделінің алдыңғы орындықтарын негізге алып, бұл конструкция онсыз да мінсіз екенін атап өткен.
Кресло автомобиль орындығына тән дерлік барлық функцияны өзінде сақтап қалған. Онда арқалық қисаюын, биіктікті және бел бөлігін қолдау жүйесін электр көмегімен басқару мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, орындық желдету және жылыту жүйелерімен де жабдықталған.
Құрылғының ең ерекше тұсы — онда қауіпсіздік белдігі ілмегінің сақталып қалғаны. Осы ілмектің ішінде гаджеттерді қуаттауға арналған USB порты орнатылған.
Компания кресло аккумуляторының қуаты қанша уақытқа жететіні туралы мәлімет берген жоқ.
Эксклюзивті өнім шектеулі мөлшерде шығарылады. "Toyota" бренді осы жайлы компьютер креслоларынан барлығы 70 дана шығаруды жоспарлап отыр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!