date

Калверт-Льюин Кукурельяның шашынан тартқаны үшін жазаланбады

Кальверт-Льюин Кукурельяның шашынан тартқаны үшін жазаланбады

Англия кубогы жартылай финалы аясында «Уэмбли» стадионында өткен «Лидс» пен «Челси» командалары арасындағы ойында төрелікке байланысты даулы жағдай орын алды. «Лидс» шабуылшысы Доминик Кальверт-Льюин қарсылас қорғаушы Марк Кукурельяның шашынан тартқанымен, алаңда қалуға қол жеткізді.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Аталған жағдай VAR жүйесі арқылы ұзақ уақыт қаралды. Бейнетаспа қайталауларда шабуылшының «Челси» өкіліне қарсы дөрекілік жасағаны анық көрінгенімен, төрешілер бригадасы футболшыны жазалауға негіз таба алмады.


Нәтижесінде Кальверт-Льюин ешқандай тәртіптік жаза қолданылмай-ақ ойынды жалғастырды.

Аталған оқиға жұрт арасында үлкен талқылауға себеп болды. Себебі, небәрі екі апта бұрын Премьер-лига аясындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Лидс» кездесуінде Лисандро Мартинес дәл Кальверт-Льюиннің шашынан тартқаны үшін алаңнан қуылған еді.


Сарапшылар мен жанкүйерлер бірдей сипаттағы ереже бұзушылық үшін екі түрлі шешім қабылданғанына наразы болып отыр. Әзірге төрешілер комитеті осы қарама-қайшы шешімдерге қатысты ресми пікір білдірмеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Калверт-Льюин Кукурельяның шашынан тартқаны үшін жазаланбады