date

Ресейде Tesla сатылымы бірінші тоқсанда 35 пайызға азайды

Ресейде Tesla сатылымы бірінші тоқсанда 35 пайызға азайды

Ресей нарығында "Tesla" электромобильдеріне сұраныс күрт төмендеуді жалғастырып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, елде осы брендтің небәрі 36 жаңа көлігі тіркелді.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға аз.

Компания үшін ең сәтті жыл болған 2023 жылы Ресейде 1 257 жаңа "Tesla" сатылған еді. Алайда содан кейін сатылым көлемі тұрақты түрде төмендей бастады: 2024 жылы 685, ал 2025 жылы 449 көлік сатып алушыларға жеткізілді.

Қазіргі көрсеткіштер брендтің нарықтағы орны едәуір әлсірегенін көрсетіп отыр.

Күткен нәтижені бермей отырған модельдердің арасында "Tesla Cybertruck" та бар. Соңғы үш ай ішінде Ресейде осы пикаптың небәрі 3-еуі тіркеуге қойылған.

2024 жылдың жазынан бері елге жалпы 70 осындай электромобиль әкелінгені хабарланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейде Tesla сатылымы бірінші тоқсанда 35 пайызға азайды