date

Каррагер «Ливерпуль» негізгі құрамына үш жаңа трансфер жасауды талап етті

Кәррагер «Ливерпуль» негізгі құрамы үшін үш жаңа трансфер жасауды талап етті

«Ливерпуль» клубының бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррагер команданың соңғы трансферлері мен шабуылшы Александр Исактың ойынына қатысты өз алаңдаушылығын білдірді. Оның пікірінше, «Ньюкаслдан» 125 миллион фунт стерлингке сатып алынған швед футболшысы өзіне артылған сенімді ақтай алмай отыр.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Исак Мерсисайд клубындағы дебюттік маусымында жарақаттар мен тұрақсыз ойын салдарынан небәрі төрт гол соғуға ғана қол жеткізді. Каррагер футболшының «Кристал Пэласке» қарсы ойындағы голынан кейін де оның болашағына күмәнмен қарайтынын жасырмады.


Сарапшының айтуынша, өткен жазда жұмсалған 446 миллион фунт стерлинг күткен нәтижені бермеді. Ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, «Ливерпульге» келген және алғашқы маусымында өзін көрсете алмаған футболшылардың кейін де жұлдызға айналуы қиын екенін айтты.

Арне Слот баптайтын команда келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысуды дерлік қамтамасыз етіп қойғанымен, құрамды елеулі жаңартуды қажет етеді. Әсіресе, осы маусым соңында команданы тастап кетуі күтілетін Мұхаммед Салахтың орнын толтыру негізгі міндет болып қалуда.


Каррагердің сөзінше, клуб жазда бес-алты орташа деңгейдегі футболшы емес, негізгі құрамға бірден кіріге алатын үш жоғары деңгейлі ойыншыны сатып алуға тиіс. Бұл «Ливерпульге» қайтадан ірі жүлделер үшін таласуға мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Каррагер «Ливерпуль» негізгі құрамына үш жаңа трансфер жасауды талап етті