date

Anthropic бәсекелестері пайдаланатын Stainless стартапын сатып алды

Anthropic бәсекелестері пайдаланатын Stainless стартапын сатып алды

Жасанды интеллект саласындағы жетекші компаниялардың бірі Anthropic дүйсенбі күні Stainless стартапын сатып алғанын жариялады. Бұл компанияны Stripe-тың бұрынғы инженері Алекс Рэттрей құрған, ал оның бағдарламалық жасақтамасын OpenAI, Google және Cloudflare сияқты ірі технологиялық алпауыттар кеңінен қолданып келген. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Мәміле шарттары жарияланбаса да, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Anthropic бұл стартап үшін 300 миллион доллардан астам қаражат жұмсауы мүмкін. Stainless компаниясы Sequoia Capital және Andreessen Horowitz сияқты беделді венчурлық қорлар тарапынан қаржыландырылған.

Stainless негізінен бағдарламашыларға API-мен жұмыс істеуге көмектесетін SDK (бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу жинақтарын) құру және оларды автоматтандырылған түрде жаңартып отыру қызметтерімен танымал. Бұл технология AI агенттері үшін сыртқы бағдарламалармен байланысуда өте маңызды саналады.

Anthropic компаниясының мәлімдеуінше, Stainless қызметтері енді тек олардың өз қажеттіліктеріне ғана қызмет етеді және басқа компаниялар үшін жабылады. Осы уақытқа дейін жасалған SDK-лар клиенттердің иелігінде қалады және оларды пайдалануда ешқандай шектеу болмайды.

Алекс Рэттрей өз мәлімдемесінде Anthropic-пен ынтымақтастық орнатуға және Claude платформасын дамытуға үлес қосуға қуанышты екенін атап өтті. Бұл сатып алу Anthropic-ке өз инфрақұрылымын нығайтуға және бәсекелестерден басымдыққа ие болуға мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Anthropic бәсекелестері пайдаланатын Stainless стартапын сатып алды