date

Honor Win Turbo: 10 000 mAs аккумулятор және IP69K қорғанысы бар смартфон

Honor Win Turbo: 10 000 mAs аккумулятор және IP69K қорғанысы бар смартфон

Honor компаниясы жаңа Honor Win Turbo смартфонын ресми таныстырылымға дейін оның негізгі техникалық сипаттамаларын жариялады. Құрылғы екінші буын Honor Hongyan Communication технологиясымен жабдықталған алғашқы смартфон болмақ. Өндірушінің айтуынша, бұл технология мобильді сигнал қуаты бойынша нарықта көш бастап тұр. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды. мәлімдейді.

Смартфонда алты секциялы антенна қолданылған, ол әлсіз желі сигналдарын алдыңғы модельдерге қарағанда 200 пайызға күшейтеді. Сонымен қатар, құрылғы C1+ радиожиілікті күшейткіш чипімен, алты диапазонды ұялы байланыспен және арнайы Wi-Fi желісін қамту модулімен жабдықталған.

Honor Win Turbo аппараттық бөлігі AnTuTu тестінде 2,4 миллионнан астам ұпай жинаған MediaTek Dimensity 8500 Elite чипіне негізделген. Смартфон 6,79 дюймдік экранмен, 50 мегапиксельді негізгі камерамен және IP68, IP69 және IP69K стандарттары бойынша жоғары деңгейлі қорғаныспен келеді.

Құрылғының ең басты ерекшелігі – оның 10 000 мАс сыйымдылығы бар аккумуляторы. Бұл қуат 14 сағаттан астам үздіксіз ойын ойнауға немесе 22 сағат бойы қысқа бейнелерді көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол 80 Вт жылдам зарядтау және 27 Вт кері зарядтау функциясын қолдайды, бұл смартфонды портативті аккумулятор (Power Bank) ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа Honor Win Turbo смартфонының ресми таныстырылымы биылғы жылдың 29 мамырына жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Honor Win Turbo: 10 000 mAs аккумулятор және IP69K қорғанысы бар смартфон