date

Kalashnikov FPV-дрондарды тасымалдайтын жаңа Fortis дронын таныстырды

Kalashnikov FPV-дрондарды тасымалдайтын жаңа Fortis дронын таныстырды

«Калашников» концерні Халықаралық қауіпсіздік форумында тік ұшып-қону мүмкіндігі бар жаңа «Fortis» ұшқышсыз ұшу аппаратын (ҰҰА) алғаш рет көпшілікке таныстырды. Бұл кешендер FPV-дрондар үшін «ана-дрон» қызметін атқара алатын ерекше функционалға ие. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа құрылғы жер үсті басқару пунктінен келетін сигналды ретрансляциялау арқылы FPV-дрондарды 100 шақырымға дейінгі қашықтықтан басқаруды қамтамасыз етеді. «Fortis» аппараттары ауада 8 сағатқа дейін қала алады және бір уақытта әуе мониторингі, нысандарды анықтау және аэрологистика міндеттерін орындай алады.

Техникалық сипаттамаларына сәйкес, модификациясына қарай бұл дрондар 5 келіден 18 келіге дейін жүк тасымалдай алады. Құрылғының максималды жылдамдығы сағатына 110 шақырымды құрайды және ол 3000 метрге дейінгі биіктікте ұша алады.

Бір кешен құрамына төртке дейін ҰҰА кіреді. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша жеткізілім жиынтығы арнайы тренажер-симуляторлармен, экипажды бастапқы даярлау құралдарымен және жүйелерді диагностикалау стендтерімен толықтырылуы мүмкін.

Халықаралық қауіпсіздік форумы 2026 жылдың 26-29 мамыры аралығында Мәскеу маңындағы «Live Arena» кешенінде өтуде. Бұл іс-шарада әскери және азаматтық қауіпсіздік саласындағы ең соңғы технологиялық жаңалықтар көрсетілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Kalashnikov FPV-дрондарды тасымалдайтын жаңа Fortis дронын таныстырды