Ұйқы алдында тамақтану неге әкеледі?

Көпшілік кешке теледидар көріп, телефон шұқылап немесе жұмыспен айналысып отырып, ұйықтар алдында тамақтануға әдеттенген. Бір қарағанда бұл қалыпты жағдай болып көрінгенімен, ағза демалуға дайындалып жатқан кезде ауыр тағамдарды тұтыну ас қорыту жүйесіне артық салмақ түсіреді.
Ұйықтар алдында тамақтану асқазандағы ауырлыққа, қыжылға, іштің кебуіне және ұйқы сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Әсіресе майлы, ащы, тәтті немесе қорытылуы қиын тағамдар түнде ағзаны тынықтырудың орнына, керісінше, белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Мұндай әдет салмақ қосуға да себеп болуы мүмкін. Өйткені түнде адам аз қозғалады, ал ағза қабылданған калорияны толық жұмсап үлгермейді. Нәтижесінде артық энергияның май ретінде жиналу ықтималдығы артады. Бұл жағдай ұзаққа созылса, метаболизм баяулап, семіздік қаупі күшеюі мүмкін.



















Пікірлер 0
…