
Өзбекстанда жеңіл жол қозғалысы ережебұзушылықтары үшін айыппұл орнына ескерту енгізу жоспарлануда. Тиісті заң Сенаттың он бірінші жалпы мәжілісінде мақұлданды.
Енді жүргізуші бірінші рет жеңіл ережебұзушылық жасаса, оған айыппұл салынбайды, салдары түсіндіріліп, ескерту жасалады. Сондай-ақ, заңда фото және бейнекамералар арқылы анықталатын ережебұзушылықтар тізімі нақтыланып, жазаны қолдану мерзімі оқиға тіркелген күннен бастап бір ай ішінде болатыны белгіленді.
Сенаторлар бұл шаралар жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға қызмет етеді деп сенім білдіруде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар