date

Өзбекстан дипломдарын мойындау жеңілдейді

Өзбекстан дипломдарын тану жеңілдеуде
Өзбекстан ЮНЕСКО-ның жоғары білім бойынша біліктіліктерді тануға қатысты Ғаламдық конвенциясын ратификациялады. Бұл құжатқа мүше елдерде өзбек дипломдарын заңдастыруды жеңілдетеді.

Ратификация актісі ЮНЕСКО-ға тапсырылғаннан үш ай өткен соң, Өзбекстан осы Конвенцияның толық қатысушысына айналады. Енді өзбекстандықтар Оңтүстік Корея, Жапония, Австралия және Жаңа Зеландия секілді елдерде өз дипломдарын растауды жеңіл тәсілмен жасай алады.

Аталған елдерде жоғары білікті мамандарға сұраныс көп, ал дипломдарды тану үдерісі ашықтығымен ерекшеленеді. Айта кету керек, Өзбекстан Орталық Азияда осы Конвенцияға қосылған алғашқы мемлекет және әлем бойынша 39-мемлекет болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан дипломдарын мойындау жеңілдейді