date

Өзбекстанда жасанды интеллект саласына 2 млрд АҚШ доллары тартылды

Өзбекстанда AI саласына $2 млрд тартылды
Өзбекстанда жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласына шамамен $2 миллиард инвестиция тартылды. IT-қызметтер экспорты 4,5 есеге артылып, $1 миллиардқа жақындады.

Бұл мәліметтер Президент Шавкат Мирзиёев қатысқан жасанды интеллект форумы барысында жарияланды. IT-мамандарды даярлауға бағытталған жоғары оқу орындарының саны шамамен үш есе артып, 145-ке жетті, ал студенттердің жалпы саны 80 мыңнан асты.

“Бір миллион бағдарламашы” жобасы аясында 2 миллионнан астам жас өз біліктілігін арттырды. Ел көлемінде 20 мыңнан астам информатика пәні мұғалімі Массачусетс технологиялық институты (MIT) серіктестігі негізінде құрылған Жаңа Өзбекстан университетіндегі интенсивті курстарға қатысуда.

Медицина саласында цифрлық диагностика 50 мыңнан астам ауру себептерін дәл анықтауға көмектесіп, науқастарға қызмет көрсету уақытын 5–7 есе қысқартты. Қарақалпақстанда маммографиялық суреттердің 70 пайызы жергілікті жасанды интеллект платформасы арқылы талдануда.

Нәтижелердің 98 пайызы дәрігерлер тарапынан мақұлдануда, диагноз қою уақыты екі сағатқа дейін қысқарды. Технологиялық стартаптар саны 10 есе артты, $300 миллион инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясымен бірлесіп құны $3 миллиард болатын алғашқы “жасыл” мәліметтер орталығын салу жұмыстары басталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда жасанды интеллект саласына 2 млрд АҚШ доллары тартылды