Мирзияевке Трамптан хат: Өзбекстан "Бейбітшілік кеңесіне" қосыла ма?

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан Таяу Шығыста бейбітшілікті нығайтуға және қақтығыстарды шешуге бағытталған халықаралық бастамаға қосылу туралы ресми ұсыныс хат келіп түсті. Жергілікті дереккөздерге сүйенсек, Өзбекстанға жаңа құрылым - "Бейбітшілік кеңесіне" (Board of Peace / Peace Council) құрылтайшы мемлекет ретінде қосылу ұсынылған.
Хатта айтылғандай, бастама 2025 жылдың 29 қыркүйегінде жарияланған Газа қақтығысын тоқтату жөніндегі кешенді жоспарға негізделген және ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2025 жылғы 17 қарашадағы No2803 қарарымен мақұлданған.
Жоспарға сәйкес, "Бейбітшілік кеңесі" ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті бөлісуге дайын елдерді біріктіруді көздейді. Reuters агенттігі де Трамп бастамасы аясында түрлі мемлекет басшыларына ұсыныстар жіберілгенін, құрылым алдымен Газаға бағытталып, кейін кеңеюі мүмкін екенін жазды.
Ресми мәліметтерге қарағанда, Президент Мирзияев Трампқа жауап хатында Өзбекстанның құрылтайшы ретінде қосылуға дайын екенін білдіріп, бұл бастаманы аймақтағы көпжылдық қақтығыстарды жұмсартуға және тұрақтылыққа қызмет ететін маңызды қадам ретінде бағалаған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!