date

Сырдарияда жаңа су қоймасы салынады

Сырдарияда жаңа су қоймасы салынады
Сырдария облысында сыйымдылығы 100 миллион текше метр болатын "Сұлтанховуз" су қоймасын құру жоспарлануда. Бұл туралы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев облыстық Кеңес сессиясында мәлімдеді.

Аталған нысан Сырдарияның бес ауданының ауыл шаруашылығы саласын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл болса өнімді жылына екі рет жинау мүмкіндігін туғызады.

Президент, сондай-ақ, 16 мың километрлік дренаж арналарының кезең-кезеңімен тазалауды бастауды тапсырды. Бұдан бөлек, облыста топырақтың тұздануын азайту бойынша тәжірибелік жоба жүзеге асырылуы жоспарланған.

Еске салайық, Өзбекстандағы су қоймаларына "ақылды" есептегіштер орнатылатыны көзделген. Елде суды пайдалану жүйесін цифрландыру және жасанды су қоймаларындағы су мөлшерін онлайн бақылауды енгізу жоспарлануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Сырдарияда жаңа су қоймасы салынады