date

Өзбекстанда ет бағасы қайта қымбаттап, нарық қысымы күшейді

Өзбекстанда ет бағасы қайта қымбаттап, нарық қысымы күшейді

Өткен жылы да сиыр мен қой етінің бағасы күрт өсіп, халықтың күнделікті шығынына айтарлықтай әсер еткен еді.

Мамандардың айтуынша, 2025 жылы ет бағасының өсуі жалпы инфляциядан әлдеқайда жоғары болды. Сонымен қатар, жергілікті ет өндіру қарқыны бәсеңдеп, импорт күрт өсті. Бұл жағдай нарықтағы бағаға қысымды одан әрі күшейтті.

2026 жылдың январь айында да баға өсіп келеді. Мәселен, Ташкенттегі ірі базарларда сиыр мен қой етінің бағасы соңғы бір айда қайта көтерілді. Әсіресе қой еті бағасының айтарлықтай өсуі байқалады.

Сарапшылардың пікірінше, ет өндірісінің көлемі ұлғайтылмаса және нарықта тепе-теңдік қамтамасыз етілмесе, бағадағы қысым алдағы айларда да сақталуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда ет бағасы қайта қымбаттап, нарық қысымы күшейді