Ташкент метросының ұзындығы 103 км-ге жетеді

Президент Шавкат Мирзиёевтің шешіміне сәйкес, Ташкент метрополитені желісін 2030 жылға қарай 103 шақырымға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
Сонымен қатар, осы уақытқа дейін халықтың қоғамдық көлікпен пайдалану деңгейі 60 пайызға артады. Автобустардың орташа жылдамдығы сағатына 18 шақырымнан 24 шақырымға дейін көтерілетіні күтілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, "Достық" бекетінен Жаңа Ташкентке дейінгі метро жолының ұзындығы 21 шақырымды құрап, онда тоғыз бекет орналасады. Аталған бағыт күнделікті 230 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсету әлеуетіне ие болады.
Сондай-ақ, Чиланзар бағыты да кеңейтіледі. Бұл бағытта жер үсті және жер асты бөлімдері орналасатын болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз