Қажылық пен Умраға барушылар үшін жаңа қаулы қабылданды

Қажылық пен Умраға бару үшін енді бірыңғай портал арқылы тіркелу міндетті болып белгіленді. Бұл туралы Министрлер Кабинетінің 24 январьда қабылданған No27 "Қажылық және Умра іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу қызметінің жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасы үкіметінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" қаулысында айтылған. Яғни, қажылық ісін реттеп, үдерісті ашық ету көзделген.
Осы құжатпен республикада "Қажылық және умра бірыңғай порталы" іске қосылғаны атап өтілді. Енді зиярат етуге ниет білдірген азаматтар үшін осы портал арқылы тіркелу міндетті болып белгіленді. Демек, сапарға шығар алдында мәліметтерді бірыңғай жүйеге енгізу қажет болады.
Қаулыға сәйкес, жаңа тәртіп келесі мерзімдерден бастап күшіне енеді:
-2026 жылдың 1 февралінен бастап - Қажылық іс-шарасына;
-2026 жылдың 1 майынан бастап - Умра қажылығына бару үшін порталда тіркелу міндетті.
Назар аударарлық жайт - зияратшылар туралы мәліметтерді порталға енгізбейінше сапарларды ұйымдастыруға жол берілмейді. Бұл өз кезегінде жүйелілік пен тәртіпті нығайтуға қызмет етеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!