date

2025 жылы Өзбекстанға оқуға ең көп қай ел азаматтары келгені белгілі болды

2025 жылы Өзбекстанға оқуға ең көп қай ел азаматтары келгені белгілі болды

2025 жылдың қаңтар—қараша айларында Өзбекстанда білім алып жатқан шетел азаматтарының саны 37,2 мың адамға жетті. Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,3%-ға артқан. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады. хабар береді.

Шетелдік студенттер арасында Үндістан азаматтары көш бастады — 16,3 мың адам. Келесі орындарда Түрікменстан (8,9 мың) және Тәжікстан (2,7 мың) тіркелген.

Сондай-ақ Өзбекстанға оқуға келгендер тізімінде Пәкістан (1,7 мың) және Қытай (1,4 мың) азаматтары да жоғары көрсеткішпен аталған.

Оқуға белсенді келіп жатқан елдер қатарында Оңтүстік Корея (870), Қырғызстан (823), Мысыр (737), Филиппин (501) және АҚШ (464) та бар.

Еуропа елдерінің ішінде ең көп студент жібергендер — Ұлыбритания (179), Ресей (164) және Италия (94). Топ-20 тізіміне Түркия, Ауғанстан, Иордания, Оңтүстік Африка Республикасы, Иран, Қазақстан және Бангладеш те енген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2025 жылы Өзбекстанға оқуға ең көп қай ел азаматтары келгені белгілі болды