date

Өзбекстанның сыртқы қарызы 75,4 млрд долларға жетті

Өзбекстанның сыртқы қарызы 75,4 млрд долларға жетті

Орталық банктің есебіне сәйкес, үшінші тоқсан қорытындысы бойынша Өзбекстанның жалпы сыртқы қарызы 75,4 млрд долларды құрады. Қаңтар–қыркүйек айларында елдің шетелдік кредиторлар алдындағы міндеттемелері 11 млрд доллардан астамға өсті. Бұл туралы kursiv.uz хабарлады. хабар лайды.

Осы кезеңде ағымдағы шот тапшылығы 207,3 млн доллар болды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы 3,1 млрд доллар деңгейінен әлдеқайда төмен.

Тапшылықтың қысқаруы экспорт көлемінің 32,8%-ға өсіп, 26,1 млрд долларға жетуімен түсіндірілді. Мұнда шикізат бағасының қымбаттауы және резидент еместерге көрсетілген қызметтер көлемінің кеңеюі маңызды фактор болды.

Импорт 15,4%-ға өсіп, 36,7 млрд долларды құрады. Өсуге техника мен жабдықтарға, сондай-ақ азық-түлік өнімдеріне сұраныс әсер етті.

Тікелей шетелдік инвестициялар 1,7 есе артып, 2,9 млрд долларға жетті. Ал портфельдік инвестициялар негізінен халықаралық облигациялар шығарылуы есебінен 2,2 есе өсіп, 3,8 млрд долларды құрады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанның сыртқы қарызы 75,4 млрд долларға жетті