Ферғанада археологтар екі мың жылдан асқан көне Қува қабырғаларын тапты

Ферғана аңғарында өзбек-қытай бірлескен экспедициясы көне Қува қаласының қирандыларынан қала қабырғаларының сирек бөліктерін анықтады. Табылған жәдігерлер б.з.д. III ғасырдан б.з. X ғасырына дейінгі кезеңге жататыны айтылды. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады. хабар береді.
Лоян институты мен Ферғана мемлекеттік университетінің археологтары аталған қорғаныс құрылыстары Парфия және Даван дәуірлерінен бастап, Саманилер билігі кезеңіне дейінгі ұзақ тарихи қабат бойы пайдаланылғанын мәлімдеді.
Жалпы аумағы 110 мың шаршы метрді құрайтын бұл олжа Ұлы Жібек жолы бойында Шығыс пен Батыс арасындағы белсенді мәдени байланыстар болғанын растайтын маңызды дәлелдердің бірі ретінде бағалануда.
Ғалымдар қабырға салу технологияларының қалай өзгергені әр дәуірдегі сәулеттік тәжірибе мен мәдени ықпалдардың қала келбетіне қалай сіңгенін ашып көрсететінін атап өтті. Қазірдің өзінде ескерткіш аумағында сарайлар, қала қақпалары, тұрғын аймақтар, көшелер және қолөнер шеберханаларының іздері анықталған.
Экспедиция жетекшісі Лю Бин бұл қирандылар Қуваның өңірдегі ірі сауда және әкімшілік орталықтардың бірі болғанын тағы бір мәрте дәлелдейтінін айтты.
Зерттеушілер 2026 жылы қаланың сарай бөлігінде жүйелі қазба жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар аумақтың ішкі жоспарлануын егжей-тегжейлі зерттеуге және халықаралық алмасудың көне орталықтарының бірі болған Қуваның тарихи келбетін қайта қалпына келтіруге қызмет етеді деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!