date

Binance негізін қалаушысының ескерткіші Вашингтонда көрсетіледі

Binance негізін қалаушысының ескерткіші Вашингтонда көрсетіледі
Вашингтон қаласында Binance негізін қалаушы Чанпэн Чжаоның төрт метр биіктіктегі алтын ескерткіші көрсетіледі. Аталған ескерткішті жасау үшін анонимді қолдаушылары тарапынан 50 мың доллар қаржы жиналғаны туралы Binance платформасы хабарлады.

Ескерткіште Чжаоның қолы көтерілген, ол танымал "FUD-қа мән берме" ишарасын көрсетіп тұр. Қысқа мерзімді көрмеден кейін ескерткішті Чжаоның өзіне тапсыру немесе аукционда сату жоспарланған.

Сатудан түскен қаржы Чжаоның Giggle Academy қайырымдылық қорына бағытталады. Giggle Academy қоры Чжао АҚШ үкіметімен 4,3 миллиард долларлық келісімін шешкеннен кейін құрылған.

Бұл қордың қаржылары білім беру және әлеуметтік жобаларды қолдауға жұмсалады. Бұған дейін Kursiv Қазақстан 5-қазан күні Bitcoin бағамы алғаш рет 125 мың доллардан асып, жаңа тарихи рекорд орнатқаны туралы хабарлаған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Binance негізін қалаушысының ескерткіші Вашингтонда көрсетіледі