date

Мигранттар үшін патент бағасы қымбаттады

Мигранттар үшін патент бағасы қымбаттады
Мәскеу қалалық Думасының депутаттары жалпы отырыста шетел азаматтары үшін айлық патент бағасын 8,9 мың рубльден 10 мың рубльге қымбаттату туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.

Аталған шешім жыл сайын қайта қаралатын аймақтық коэффициентке байланысты, ол астанадағы орташа жалақы өзгерісін көрсетеді. Мәскеу экономикалық саясат департаменті басшысының орынбасары Дарья Мурченконың айтуынша, жаңа төлем деңгейіне жету үшін 2,9323 аймақтық коэффициентті белгілеу қажет.

Оның айтуынша, патент бағасының көтерілуі мигранттар мен ресейлік жұмысшылар үшін салық жүктемесін теңестіруге мүмкіндік береді. Патент бағасы базалық мөлшерге, Экономикалық даму министрлігі бекіткен федералды дефлятор коэффициентіне және Мәскеу үкіметі жыл сайын белгілейтін аймақтық коэффициентке негізделіп есептеледі.

Есептеуде шетелдік жұмысшылар үлесі жоғары салалардағы орташа жалақы, Мәскеу Миграция орталығында патент алу шығындары және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін құжатты рәсімдеу үшін мемлекеттік алым ескерілген. Мурченконың айтуынша, жаңа баға «Мәскеу облысы деңгейіне сәйкес келеді» әрі оңтайлы және теңестірілген деп саналады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мигранттар үшін патент бағасы қымбаттады