
Amazon Web Services (AWS) және OpenAI 38 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды. Бұл әріптестік OpenAI компаниясына АҚШ-тың Nvidia компаниясы шығарған чиптерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Әріптестік жеті жылға жоспарланған. "AWS-тың озық инфрақұрылымы OpenAI-дың жасанды интеллект саласындағы мақсаттарын жүзеге асыруда негізгі іргетас болады", — деді Amazon Web Services бас директоры Мэтт Гарман.
Bloomberg хабарлауынша, OpenAI жасанды интеллект саласындағы көшбасшылардың бірі және технологиялық саланы айтарлықтай өзгертті. Компания жасанды интеллект модельдері үшін инфрақұрылымды дамытуға 1,4 триллион доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылдың қазан айының соңында OpenAI Microsoft корпорациясымен әріптестікті бастағанын жариялады. Келісімге сәйкес, Windows операциялық жүйесін өндіруші компания коммерциялық құрылымдағы 27% үлеске және жеті жыл бойы жасанды интеллект технологияларын пайдалану құқығына ие болады.
Amazon және OpenAI 38 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар