date

ІІБ қызметкері әйелін алты рет атып өлтірді

ІІБ қызметкері әйелін алты рет атып өлтірді

Қырғызстан астанасы Бішкекте резонансты кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұрынғы ішкі істер қызметкері өз жұбайын атып өлтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 23 желтоқсан күні кешке Боконбаев пен Ибраимов көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелге алты рет оқ атқан. Әйел алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Айта кету керек, жұп сол күні ресми түрде ажырасқан. Қайғылы жағдайдың ауыр тұсы — оқиғаның әйелдің туған күніне сәйкес келуі, ол 47 жасқа толып жатқан. Отбасында екі бала қалған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында қылмыс жасалған сәтте оның мас күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ марқұмның бұған дейін отбасылық зорлық-зомбылық бойынша полицияға жүгінгені хабарланды.

Аталған дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » ІІБ қызметкері әйелін алты рет атып өлтірді