
CNN телеарнасы Decision Desk порталының мәліметтеріне сүйене отырып, 34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк әкімі сайлауында жеңіске жететінін болжауда. Ол қаланы басқарған бірінші мұсылман болады.
Кейбір деректерге сәйкес, Мамдани 50,3% дауыс жинаған, ал басқа мәліметтер бойынша 42,75% дауыс алған. CNN-нің атап өтуінше, Мамданидың жеңісі Демократиялық партияның прогрессивті қанаты үшін жетістік символы болып табылады, ал бұл уақытта ұлттық демократтар Дональд Трампқа қарсы қалай күресу жөнінде бірыңғай ойға келген жоқ.
Өз жақтастарымен кездесуде Мамдани Нью-Йоркті жарқын болашаққа бастауға және қаланың барлық тұрғындары үшін әкім болуға уәде берді. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа әкімді коммунист деп атап, оның сайлануы қаланың жағдайын нашарлатуы мүмкін екенін айтты.
«Мен нық сенемін, егер Мамдани жеңсе, Нью-Йорк экономикалық және әлеуметтік апаттың алдында қалады», – деді Трамп Social Truth парақшасында. Мамдани Угандада туған, Кейптаун (Оңтүстік Африка) қаласында өскен.
Ол жеті жасында Нью-Йоркке қоныс аударған. Бронкс ғылымдар жоғары мектебінде білім алып, Bowdoin колледжінде гуманитарлық ғылымдар бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2017 жылдан бері Мамдани «Американың Демократиялық Социалистері» ұйымының мүшесі. Ол ауқаттыларға салықты арттыруды және 2030 жылға дейін минималды еңбекақыны сағатына 16,5 доллардан 30 долларға дейін көтеруді ұсынуда.
Оның басқа бастамалары арасында мектепке дейінгі білім мен автобуста жүруді тегін ету де бар. Мамданидың бағдарламасын іске асыруға қажетті шығындар корпорациялар мен миллионерлерге арналған жаңа салықтар есебінен өтеледі.
Бұл салықтар қалалық бюджетке жылына 9 миллиард доллар әкеледі деп күтілуде.
Зохран Мамдани Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі болды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар