date

Ташкентте Жаңа жыл мерекесін тойлайтын орындар анықталды

Ташкентте Жаңа жыл мерекесін тойлайтын орындар анықталды

Ташкент қаласында Жаңа жыл мерекесіне арналған бұқаралық іс-шаралар 2025 жылдың 25 декабрінен 2026 жылдың 10 январына дейін өткізіледі. Негізгі мерекелік бағдарламалар күн сайын сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы алаңында өтеді.

Сондай-ақ, мерекелік шаралар қаланың әртүрлі аудандарында ұйымдастырылады. Юнусабадта Риксилий 24/7 гастрономиялық көшесі, Бектемірде "Compass" сауда кешені мен "Coca-Cola Garden" бағы, Мирободта Тарас Шевченко 24/7 көшесі, Мырза Ұлықбек ауданында "Central Park" және "Жаңа Өзбекстан бағы" мерекелік мекендер ретінде белгіленген.

Чиланзарда "Dream Park," "Humo Arena," "Magic City" және Әл-Хорезми 24/7 көшесі, Шайхантахурда "Анхор Локомотив" саябағы және "Tashkent City" кешені, Яшнабадта "Ашхабад" саябағы, Яккасарайда "NEXT" сауда кешені, Янгихаётта Мехригиё 24/7 көшесі де мерекелік шаралар үшін ашық болады.

Мереке күндері концерттер, көрмелер және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Шаралар туралы толық ақпарат Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде жарияланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкентте Жаңа жыл мерекесін тойлайтын орындар анықталды