date

AQШ-қа барған өзбекстандықтар саны артты

АҚШ-қа барған өзбекстандықтар саны өсті
Ағымдағы жылдың тоғыз айында 12,9 мың Өзбекстан азаматы АҚШ-қа барған. Бұл туралы Мемлекеттік статистика комитеті мәлімет берді.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, Өзбекстаннан АҚШ-қа сапар шеккендер саны 9,3 пайызға өскен. Өзбекстандықтар негізінен саяхат мақсатында АҚШ-қа барған — 9,2 мың адам.

Қалғандары әртүрлі себептермен барған: туыстарын көру (3,1 мың адам), оқу (304 адам) және жұмыс істеу (273 адам).

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » AQШ-қа барған өзбекстандықтар саны артты