
2025 жылғы 7 қараша күні Мысыр археологы және профессоры Халид Ахмад әл-Анани Әли Езз ЮНЕСКО-ның 12-бас директоры болып тағайындалғаны туралы ұйым хабарлады. Ол 15 қараша күні төрт жылдық мерзімге қызметін бастайды.
Әл-Анани — ЮНЕСКО-ны басқаратын бірінші араб мемлекетінің өкілі және бұл жоғарғы қызметті атқарған екінші африкалық болады. Ол бұған дейін Мысырдың туризм және ежелгі жәдігерлерді қорғау министрі қызметтерінде болған.
Жаңа басшы мисрология бойынша философия ғылымдарының докторы, 30 жылдық оқытушылық тәжірибесі бар және үш тілді меңгерген. Сонымен қатар, ол Дүниежүзілік туризм ұйымының мәдени туризм жөніндегі арнайы елшісі ретінде танымал.
ЮНЕСКО — БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы, ғылым, білім және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті нығайтуға ықпал етеді. Ұйым 194 мүше мемлекетті біріктіреді және әлем бойынша 2000-нан астам дүниежүзілік мұра нысанын басқарады.
ЮНЕСКО-ға бірінші араб басшысы тағайындалды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар