date

Қытай үшінші әуе тасымалдаушысын қабылдады


Қытайдың әскери-теңіз флотына үшінші әуе тасымалдаушы кемесі — "Фуцзянь" қабылданды. Кемені Қарулы Күштер қатарына ресми түрде қабылдау рәсіміне Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатысты.

Әуе тасымалдаушы кеме толығымен Қытайда жобаланып, салынған, оның бортында палубалық ұшақтарды ұшыруға арналған электромагниттік катапульттер орнатылған. Сынақ режимінде кеме бортынан J-15T және J-35 жойғыш ұшақтары, сондай-ақ KJ-600 ерте ескерту ұшақтары ұшырылған.

"Фуцзянь" Қытайдың электромагниттік катапульттермен жабдықталған алғашқы әуе тасымалдаушысы болып табылады. Кеме 2018 жылдың күзінің соңында салына бастаған және төрт жылдан кейін суға түсірілген.

Әуе тасымалдаушы J-15, J-35 сияқты түрлі палубалық жойғыш ұшақтарды қабылдауға қабілетті. Еске сала кетейік, Қытайдың әскери-теңіз флотында "Фуцзяньнан" басқа тағы екі әуе тасымалдаушы кеме бар: "Ляонин" және "Шаньдун".

"Ляонин" бұрынғы Кеңес дәуірінде салынып, Украинаның "Варяг" (бұрынғы "Рига") кемесінен қайта жасалған болса, "Шаньдун" сол негізде салынған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытай үшінші әуе тасымалдаушысын қабылдады