date

Қазақстанда күміс өндіру азаюда


Metals Focus аналитикалық орталығы ұсынған әлемдік нарықтың жылдық талдауы бойынша, Қазақстанда 2025 жылға қарай күміс өндіру көлемі 0,6 млн унцияға азаюы мүмкін. Қазақстандағы бұл төмендеу әлем бойынша осы қымбат металл өндіруде әртүрлі өзгерістер болып жатқанына байланысты түсіндірілуде.

Metals Focus мәліметіне қарағанда, 2025 жылы жаһандық өндіріс көлемі 813 млн унция шамасында сақталады. Себебі кейбір аймақтардағы өсу басқа аймақтардағы төмендеуді өтейді.

Ең үлкен өсу Мексика (+5,3 млн унция), Ресей (+4,5 млн унция), Марокко (+3 млн унция) және Канада (+1,5 млн унция) секілді елдерде күтілуде. Сондай-ақ, АҚШ пен Чилиде де аздаған өсу болжануда.

Алайда, Индонезия (–5,7 млн унция), Перу (–5,1 млн унция), Аргентина (–2,9 млн унция) және Боливия (–1,6 млн унция) секілді елдерде өндіріс айтарлықтай азаюы мүмкін. Австралияда да төмендеу болжанып отыр – 0,9 млн унция.

Аналитиктердің айтуынша, Оңтүстік Америка, Австралия және Индонезиядағы өндіріс көлемінің азаюы Солтүстік Америка мен Ресейдегі өсуді өтейді, нәтижесінде жаһандық көлем тұрақты түрде сақталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қазақстанда күміс өндіру азаюда