date

АҚШ-та MIT ядролық физика орталығының басшысы атып өлтірілді

АҚШ-та MIT ядролық физика орталығының басшысы оққа ұшты

АҚШ-та ғылым әлемі үшін ауыр қайғы тіркелді. Массачусетс технологиялық институтының плазма физикасы және термоядролық зерттеулер орталығының басшысы, белгілі ядролық физик ғалым Нуно Лурейру қайғылы жағдайда өмірден озды.

Америка құқық қорғау органдарының мәліметінше, 15 желтоқсан күні ғалым Бруклиндегі өз үйінде ауыр оқ жарақатын алған күйде табылған. Лурейру дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ғалым алған жарақаттарының салдарынан келесі күні қайтыс болған.

Қазіргі уақытта полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Тергеу жұмыстары жалғасуда, шабуылдың себептері әлі анықталған жоқ.

Айта кетерлігі, екі күн бұрын Браун университетінде де қарулы шабуыл орын алып, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан, тағы тоғыз адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған еді. Алайда ФБР өкілдері әзірге бұл екі оқиға арасында байланыс барын растайтын дәлелдердің жоқ екенін мәлімдеді. Нуно Лурейрудың үйі Браун университетінен шамамен 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

Мәлімет үшін, Нуно Лурейру Португалияда туған және 2005 жылы АҚШ-қа көшіп келген. 2016 жылдан бастап MIT-те жұмыс істеген, алдымен плазма физикасы орталығы директорының орынбасары болып, кейін орталық басшысы қызметіне тағайындалған. Ғалым плазма және термоядролық синтез саласындағы ғылыми зерттеулерімен халықаралық деңгейде үлкен беделге ие болған.

Бұл қайғылы оқиға АҚШ-та ғалымдар қауіпсіздігі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Ғылыми қауымдастық болса, Лурейрудың өліміне терең қайғырып, көңіл айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-та MIT ядролық физика орталығының басшысы атып өлтірілді