date

Tesla алғаш рет Mercedes-тен көп көлік сатты

Tesla алғаш рет Mercedes-тен көп көлік сатты

Tesla өз тарихында алғаш рет Mercedes компаниясын сатылым көлемі бойынша басып озды.

2025 жылдың үшінші тоқсанында Tesla 497 099 көлік сатса, Mercedes 441,5 мың көлік сатқан. Бұл көрсеткішке сәйкес, Tesla сатылымы 12,6%-ға көп болды.

Үшінші тоқсанда Mercedes сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға төмендеді. Tesla, керісінше, өз сатылымын 7,4%-ға арттырды. Айта кетейік, Mercedes алғашқы көлігін 1901 жылы, ал Tesla 2004 жылы шығарған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Tesla алғаш рет Mercedes-тен көп көлік сатты