date

Дрондар себеп әуежай жабылды

Дрондар себеп әуежай жабылды
Мюнхен халықаралық әуежайында белгісіз дрондар пайда болғандықтан, рейстер уақытша тоқтатылды. 17 рейс тоқтатылып, 15 ұшақ басқа қалаларға бағытталды. Шамамен 3 мың жолаушы зардап шекті.

Полиция мәліметінше, дрондар кешкісін екі рет көрінген. Олардың қайдан ұшырылғаны әзірге белгісіз.

Соңғы уақытта Еуропаның басқа әуежайларында да осындай жағдайлар тіркелген. Копенгаген және Осло әуежайлары да дрондар себеп уақытша жабылған еді.

Мюнхен әуежайында қалып қойған жолаушыларға жатын орындар және жеңіл тағамдар берілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Дрондар себеп әуежай жабылды