date

"Құқықсыз" скутер жүргізушілеріне әкімшілік айыппұлдар салына бастады

"Құқықсыз" скутер жүргізушілеріне әкімшілік айыппұлдар салына бастады

Жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің қызметкерлері жүргізуші куәлігі жоқ скутерді басқарған азаматтарға қатысты әкімшілік жазалауды рәсімдеу үдерісін бастады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 октябрьден бастап қолданыста болған мопедтер мен скутерлерді тек мемлекеттік нөмір белгісімен және "А" санатындағы жүргізуші куәлігімен басқару міндетті екені ресми түрде жарияланған болатын.

Осы күндері осы талаптарға назар аудармай, "А" санатындағы куәліксіз және мемлекеттік нөмірсіз мопед немесе скутерді басқарған жүргізушілердің көліктері айыппұл алаңына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылуда.

Жол қауіпсіздігі қызметкерлері бұл шараларды халыққа ескертіп, заңның үстемдігі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқанын айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » "Құқықсыз" скутер жүргізушілеріне әкімшілік айыппұлдар салына бастады

Ең көп оқылғандар Авто жаңалықтары