date

Қытай ғалымдары алғаш рет шошқа бауырын адамға көшірді

Қытай ғалымдары алғаш рет шошқа бауырын адамға көшірді

Қытай медицинасы әлемдік деңгейде жаңа және тарихи қадам жасады. Шэньси провинциясында орналасқан Хицзин ауруханасының дәрігерлері медицина тарихында алғаш рет генетикалық түрлендірілген шошқа бауырын адам ағзасына сәтті көшіріп отырғызды. Бұл туралы China Daily және Global Times басылымдары хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, операция клиникалық тұрғыдан өлі деп саналған науқасқа жасалған. Медициналық топ науқастың өз бауырын алып тастап, оның орнына генетикалық түрлендірілген шошқа бауырын салды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл орган адам қанымен толық қамтамасыз етілген, өт шығара бастаған және өзінің физиологиялық функцияларын сәтті орындаған. Ең маңыздысы - науқастың иммундық жүйесі шошқа ағзасына қарсы бас тарту реакциясын (гиперакут реакция) көрсетпеген. Бұл медициналық тарихта сирек кездесетін жағдай.

Операция барысында барлық өмірлік көрсеткіштер - қан айналымы, бауыр қызметі және зат алмасу тұрақты болды. Процедурадан кейінгі 10 күн бойы науқас арнайы медициналық бақылауда болды және барлық нәтижелер медициналық комиссиямен құжатталды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл тәжірибе хенотрансплантация (яғни жануарлардың ағзаларын адам денесіне көшіру) саласындағы үлкен жетістік саналады. Ол болашақта адам ағзаларына деген үлкен қажеттілікті азайтып, бауыр жетіспеушілігімен ауыратын мыңдаған науқастардың өмірін сақтап қалуға жаңа мүмкіндік тудыруы мүмкін.

Қытай ғалымдарының бұл тәжірибесі ұлттық ғылыми әлеуетті ғана емес, сонымен қатар медицина саласындағы жаңа кезеңді көрсетті. Мамандардың пікірінше, бұл нәтиже болашақта басқа ішкі органдарды - бүйрек, жүрек немесе өкпе сияқты мүшелерді жануарлардан адамға көшіру мүмкіндігін ашуы мүмкін.

Осылайша, Хицзин ауруханасында жасалған бұл операция медицина тарихында жаңа бет ашты және адам өмірін сақтап қалу жолындағы ғылыми ізденістерге үлкен үміт оятты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытай ғалымдары алғаш рет шошқа бауырын адамға көшірді