date

Mercedes-Benz сатылымы неге күрт төмендеді?

Mercedes-Benz сатылымы неге күрт төмендеді?

2025 жылдың үшінші тоқсанында әлемдегі ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі Mercedes-Benz сатылымында айтарлықтай төмендеу байқалды. Reuters мәліметінше, компанияның жаһандық сауда көрсеткіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға төмендеген.

Компанияның мәлімдемесіне қарағанда, Еуропа, Оңтүстік Америка және Парсы шығанағы аймағындағы сауда тұрақты болса да, негізгі құлдырау Қытай нарығында байқалған. Mercedes-Benz басқарма мүшесі Маттиас Гайзеннің айтуынша, "үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша қазіргі нарық жағдайы Қытайдағы қызметімізге кері әсерін тигізді."

Деректерге сәйкес, әлемдегі ең ірі автомобиль нарықтары болып табылатын АҚШ пен Қытайда сатылым көлемі сәйкесінше 17 және 27 пайызға төмендеді. Бұл жағдай Mercedes-Benz үшін соңғы жылдардағы ең үлкен қиындықтардың бірі болды.

Сарапшылардың айтуынша, компания басқа да неміс өндірушілері сияқты АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметі енгізген жаңа тарифтер мен жергілікті өндірушілердің күшейіп келе жатқан бәсекелестігіне тап болып отыр.

Mercedes-Benz сонымен қатар 2025 жылға арналған бұрын белгіленген өнімділік болжамын қайта қарауға мәжбүр болды. Бұл шешімнің негізгі себебі - әлемдік нарықтағы тұрақсыздық, атап айтқанда, Қытайдағы сұраныстың төмендеуі.

Сонымен қатар, компания Еуропа мен Таяу Шығыстағы сауда көрсеткіштерін тұрақты ұстап тұруға тырысуда. Дегенмен, экономикалық тұрақсыздық пен геосаяси факторлар автомобиль өнеркәсібіне қысым көрсетуді жалғастыруда.

Мамандардың пікірінше, Mercedes-Benz үшін ең маңызды міндет - электромобильдер нарығында бәсекелестікті күшейту және жаңа модельдер арқылы сенімді қалпына келтіру.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Mercedes-Benz сатылымы неге күрт төмендеді?