date

Трамп: Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жолында алғашқы қадам жасады

Трамп: Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жолында алғашқы қадам жасады

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім жоспарының алғашқы кезеңіне қол қойылды. Оның айтуынша, бұл құжат Газа аймағындағы қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Келісімге сәйкес, Израиль әскері келісілген шептерден кері қайтарылады. Ал ХАМАС соғысты тоқтату және Израиль әскерін Газадан шығаруды көздейтін келісімнің күшіне енгенін растады. Сондай-ақ қозғалыс Трамп пен кепілгер мемлекеттерді оның толық орындалуын қамтамасыз етуге шақырды.

Times of Israel басылымының хабарлауынша, келісім аясында ХАМАС сенбі күні барлық тірі тұтқындарды босатады. Оның орнына шамамен 2 мың палестиналық тұтқын алмастырылады, деп хабарлайды AFP.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп: Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жолында алғашқы қадам жасады