date

Ыстамбұлда Израиль консулдығына шабуыл: атыстан жараланғандар бар (видео)

Ыстамбұлда Израиль консулдығына шабуыл: атыстан жараланғандар бар (видео)

Ыстамбұлда орналасқан Израиль консулдығының маңында қарулы шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан бір полиция қызметкері жарақат алғаны хабарланды.

Reuters агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, куәгерлер консулдық маңында бірнеше рет атылған оқтың дауысы естілгенін айтқан. Оқиға орнына жедел қызметтер тартылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Сонымен қатар, Habertürk телеарнасының хабарлауынша, шабуылға қатысқан үш адам арнайы жасақ күшімен жойылды.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен барлық егжей-тегжейін анықтауға кірісті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шабуыл аймақтағы қауіпсіздік жағдайына елеулі әсер етуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ыстамбұлда Израиль консулдығына шабуыл: атыстан жараланғандар бар (видео)