date

«Иран соғыстан қорықпайды»: АҚШ-қа қатаң жауап

«Иран соғыстан қорықпайды»: АҚШ-қа қатаң жауап

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи берген сұхбатында АҚШ-пен ушыққан жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Иран ешқандай сыртқы қысымнан немесе ықтимал әскери қауіптерден қорықпайды.

Бұл туралы Gorizont telegram арнасы хабарлады.

«Егер олар соғысқа қайтқысы келсе, бұл олардың таңдауы. Олар бізді бұрын да сынап көрген, тағы да сынап көруі мүмкін. Алайда нәтиже бәрібір өзгермейді», — деді Иран Сыртқы істер министрі.

Оның бұл мәлімдемесі аймақтағы шиеленіскен геосаяси жағдай аясында жасалып, екі мемлекет арасындағы қайшылықтардың тағы да күшейгенін көрсетіп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » «Иран соғыстан қорықпайды»: АҚШ-қа қатаң жауап