date

ДДСҰ хантавирус туралы маңызды ақпарат берді

ДДСҰ хантавирус туралы маңызды ақпарат берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирусқа қатысты жаңа мәліметтер жариялады. Мамандар генетикалық талдаулар мен алдыңғы үлгілерді салыстыру нәтижесінде вирустың жұғу қабілеті артқаны немесе аурудың ауыр өтуіне себеп болатын белгілер әзірге анықталмағанын хабарлады.

ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керкхове Оңтүстік Америкаға тән хантавирустың «Андес» штамы «Hondius MV» круиздік кемесіне енгенін атап өтті. Бұл вирус әдетте кеміргіштерден, атап айтқанда олардың қалдықтары немесе шаң құрамындағы бөлшектер арқылы адамға жұғады.

Мәліметтерге сәйкес, алғашқы науқас Нидерланды азаматы болып табылады, ол Аргентина аумағында кемеге отырмас бұрын жұқтырған болуы мүмкін. Ол круиздік сапар алдында құстарды бақылау кезінде кеміргіштермен байланыста болған деп болжануда.

Генетикалық тексерулер басқа жағдайларда адамнан адамға жұғу ықтималдығы да бар екенін көрсетті. Қазіргі уақытта Нидерланды азаматы мен оның жұбайының, сондай-ақ тағы бір жолаушының қайтыс болғаны тіркелген.

Жалпы алғанда, кемеде 10 жолаушыдан вирус анықталып, оның 8-і зертханалық тексерулерде расталды. Шамамен 150 адам карантинге алынды, ал вирустың жасырын кезеңі 40 күнге дейін созылуы мүмкін.

Мамандардың пікірінше, қолға алынған шаралардың арқасында аурудың таралуын тоқтату мүмкіндігі жоғары. Қазіргі уақытта барлық байланыстар анықталып, қажетті карантиндік шаралар жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » ДДСҰ хантавирус туралы маңызды ақпарат берді