date

Қазақстанда Құрбан айттың ресми күні белгілі болды

Қазақстанда Құрбан айттың ресми күні белгілі болды

Биыл Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келетіні хабарланды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді.

Айтылғандай, Құрбан айт 27 мамырда тойланады. Сонымен қатар, басқарма өңірлер бойынша айт намазының уақытын да жариялады.

Мәліметтерге сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде, соның ішінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында айт намазы сағат 06:00-де басталады.

Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы мұсылмандар да айт намазын сағат 06:00-де оқиды.

Бұдан бөлек, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында да намаз дәл осы уақытта оқылатыны айтылған.

Алайда Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары және Қарағанды облысының кейбір аудандарында айт намазы сағат 06:30-да басталады деп белгіленді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қазақстанда Құрбан айттың ресми күні белгілі болды