Путин мен Си Цзиньпин көп полюсті әлем туралы декларацияға қол қояды

Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпин Бейжіңдегі кездесу барысында жаңа халықаралық тәртіп пен көп полюсті әлемнің қалыптасуына қатысты бірлескен декларация қабылдайды деп күтілуде.
Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел басшылары кездесуде стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, тату көршілік, достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын тереңдетуге бағытталған бірлескен мәлімдемеге де қол қояды.
Ушаков дайындалып жатқан құжаттың 47 беттен тұратын кешенді бағдарламалық декларация екенін атап өтті. Онда Ресей мен Қытайдың халықаралық аренадағы ынтымақтастығы, жаһандық қауіпсіздік, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа түрі және көп орталықты әлемдік тәртіп туралы көзқарастары көрініс табады деп күтілуде.
Бұл декларация Мәскеу мен Бейжің арасындағы саяси диалог жанданып жатқан тұста қабылдануда. Құжат екі елдің жаһандық процестерге қатысты ортақ ұстанымын көрсететін маңызды саяси сигнал ретінде бағалануда.




















Пікірлер 0
…